Құқық қорғау ұйымдары Трампты сотқа берді
АҚШ-тағы құқық қорғау ұйымдары Президент Дональд Трампты сотқа берді. Себеп – Ақ үй әкімшілігінің Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы енгізген санкциялары. Ұйым өкілдері бұл әрекеттерді заңға қайшы деп санайды.
Федералдық сотқа жолданған арызда Газа секторындағы қақтығыста Израильдің қылмыстық іске қатысы бар жоғын тергеуге қатысатын лауазымды тұлғаларға, судьяларға санкциялар енгізуге рұқсат беретін Трамптың жарлығына қарсылық білдірілген. Бұл тергеу – халықаралық сот жүргізіп жатқан әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты 18 тергеудің бірі.