АҚШ-та Ақ үйдің қасында оқ атылды

Вашингтонда Ақ үй маңындағы спортзалдардың бірінде оқ атылды. Бір адам мерт болып, тағы бесеуі жарақат алды. Күдікті бой тасалап барып, жақын маңдағы көпқабатты үйдегі пәтерге жасырынған.

Артынша, полиция пәтерден оқ дауысын естіп, басып кірген. Жанкешті өз-өзіне оқ атқан болып шықты. Қазір жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр. Ал шабуылға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: