Колумбия 3 күн аза тұтады

Колумбия билігі зілзала құрбандарын еске алу бойынша елде 3 күн аза тұту жариялады. Президент Абелардо де ла Эсприэляның мәлімдеуінше, опат болғандар саны 265 адамға жеткен.

3 мың 494 тұрғын жараланып, 496-сы із-түссіз жоғалып кетті. Іздеу-құтқару, қирандыларды аршу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Жалпы ел бойынша 11 мың 347 үй қирап, 53 мыңнан астам баспанаға зақым келген. Оның ішінде 179 медицина мекемесі бар. Ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін көптеген қалада комменданттық сағат енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, қуаты 7,4 балдық жер сілкінісі 10 тамызда елдің батыс бөлігінде болған.  

Абелардо де ла Эсприэлья, Колумбия Президенті:

- Мен елде сонымен қатар экономикалық төтенше жағдай да жариялаймын. Бұл арнайы қор құруға мүмкіндік береді. Оған жергілікті және халықаралық деңгейде қаржы жиналады. Бұл ақша ауруханалар, мектептер, жолдар мен әуежайларды қалпына келтіру үшін қажет. Біраз қолдау шараларын дайындап жатырмыз. Үкімет зардап шеккен отбасыларға коммуналдық төлемдерін өтеуге көмектеседі. Баспанасынан айырылғандарға үй жалдауға көмекқаржы береміз. Салық жеңілдіктері болады. Саудагерлер мен шағын бизнес иелері де қолдауға ие болады.