АҚШ-та бензин бағасы маусымдық рекордқа жетті

Фото: depositphotos.com

АҚШ-та бензиннің орташа бағасы жылдың осы кезеңі үшін бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды 24KZ Newsmax ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

GasBuddy мәліметінше, ел бойынша бензиннің орташа бағасы галлонына 4,05 долларға жеткен. GasBuddy компаниясының мұнай бағасын талдау бөлімінің басшысы Патрик Де Хаанның айтуынша, 12 тамыздан кейінгі кезеңде өткен жылдардың ешқайсысында ел бойынша орташа көрсеткіш галлонына 4 доллардан жоғары болмаған.

Америкалық автомобиль қауымдастығының мәліметінше, сәрсенбі күні елдегі бензиннің орташа бағасы галлонына 4,03 долларды құрады.

Америкалық автомобиль қауымдастығының дерегіне сәйкес, АҚШ-тағы бензиннің ең жоғары орташа бағасының абсолютті рекорды галлонына 5,01 долларды құрайды. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 14 маусымда, АҚШ-тың бұрынғы президенті, демократ Джо Байденнің президенттігі кезінде тіркелген.

Бұған дейін АҚШ Энергетика министрлігі әлемдік сұраныстың сақталуы және Ормуз бұғазы арқылы көмірсутектер жеткізілімінің шектеулі болуы аясында мұнайдың әлемдік бағасы өседі деп болжам жасаған.