Жапонияда зілзаладан кейін ұрлық көбейді
Тұрғындар тарапынан полицияға 20 мыңдай арыз түскен. Теледидарлар мен желдеткіштер қолды болған. Сондай-ақ шатырларды жөндейміз деген желеумен алаяқтардан жалған келісімшарттар жолданған.
Мұның алдын алмаққа Кумамото префектурасына 2 жарым мыңдай полиция қызметкері жіберілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықбұзушылық әрекеттерінің жолын кесіп қана қоймай, тұрғындарға қауіп туралы ескерту парақтарын таратып құлақтандырады.