Өзбекстандағы әр төртінші турист Қазақстан азаматы
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанға туристік мақсатпен 1 855 562 қазақстандық барған, деп хабарлайды 24KZ.
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, жылдың алғашқы жеті айында елге туристік мақсатпен 7 749 308 шетел азаматы келген. Оның шамамен 24 пайызы Қазақстан азаматтарына тиесілі. Яғни Өзбекстанға келген әр төртінші шетелдік турист – Қазақстан азаматы.
Қазақстан Өзбекстанға ең көп турист жіберген елдер рейтингінде екінші орынға жайғасты.
Бірінші орында Қырғызстан тұр – 2 177 108 турист. Үшінші орында Тәжікстан – 1 728 978 турист.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ресей – 710 824, Ауғанстан – 281 200, Қытай – 269 735, Түрікменстан – 192 830, Түркия – 111 908, Үндістан – 32 462 және Оңтүстік Корея – 26 512 туристпен кірді.
Жалпы, 2026 жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстанға келген туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 миллион адамға немесе 22,6 пайызға артқан.