Meta австралиялық жасөспірімдердің 756 мыңға жуық аккаунтын бұғаттады

Фото: depositphotos.com

Meta корпорациясы 16 жасқа толмаған австралиялықтарға тиесілі болуы мүмкін 756 мыңға жуық аккаунтты бұғаттады, деп хабарлайды 24KZ.

Өткен жылдың желтоқсанында Австралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Алайда жасөспірімдердің шамамен 70 пайызы әлеуметтік желідегі аккаунттарына кіру мүмкіндігін сақтап қалған.

Енді Meta кәмелетке толмаған қолданушыларды анықтау үшін жасанды интеллектіні пайдаланып жатыр. Жүйе жарияланымдарды, мектептегі бағалар туралы жазбаларды, тіпті туған күнді атап өтуге қатысты хабарламаларды да талдайды.

Аккаунты бұғатталған қолданушыларға кейін жаңа аккаунт ашуға да мүмкіндік берілмейді.