Израиль Ливанға тағы шабуыл жасады
Израиль Ливанның оңтүстігіне тағы шабуыл жасады. Зымыран Ансар ауылындағы тұрғын үйге түсіп, салдарынан 7 адам қаза тапты.
Бұл шабуылды Израиль әскері растады. Бірақ негізгі нысана Хезболланың нысандары екенін алға тартады. Ал қазір АҚШ-тың араласуымен Израиль мен Ливан арасында келіссөздер жүріп жатыр. Алайда Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац, Хезболла берілмейінше ЦАХАЛ әскері шабуылдарды тоқтатпайтынын мәлімдеді.