Қытай метроларында роботтар жұмыс істейді    

Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы метрода роботтар жұмыс істейді. Әзірге 10 құлтемір сынақтан өтіп жатыр. 

Яғни метро станцияларын тазалап, жолаушылардың сұрағына жауап береді. Сондай-ақ қауіпсіздікті бақылап, тексеру іс-шараларына қатысады. Мамандар заманауи технологиялар жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді деп сенеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында-ақ, әлемдік нарықтағы адам тәріздес роботтардың 97 пайызы қытайлық комапниялардың үлесінде болды.