АҚШ пен Сеул әскери жаттығуларды азайтады

АҚШ пен Оңтүстік Корея біріккен әскери жаттығулар өткізуді азайтады. Мұны Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

Ол Пентагон басшысы Пит Хегсетке тиісті тапсырма бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ Сеул билігіне Иранға қарсы соғысқа қосылуға келіспей қойғаны үшін өкпелі екенін де жасырмады. Бұдан бөлек, әскери жаттығу өткізу қымбат әрі қаржының көп бөлігін АҚШ төлейді, - деді ол. Президент Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, сондықтан Құрама Штаттардың Пхеньянға сес көрсетуі мүлде орынсыз деп санайды. Десе де әскери жаттығуларды толықтай тоқтатуға қазір кеш екенін жеткізді. Сондықтан Пит Хегсетке мұның санын қысқартуды тапсырған.