Ирак мұнай экспортын арттырды
Ирак мұнай экспортын арттыра бастады.
Кейінгі айда елдің қара алтын сатылымы тәулігіне 2 миллион баррельге жетті. Рейтер ((Reuters)) агенттігінің мәліметінше, бұл АҚШ-Иран қақтығысы басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Шиеленіске дейін Бағдад тәулігіне 4 миллион баррельге жуық мұнай экспорттап келген еді. Бірақ әскери қимылдардан көлемі күрт төмендеді. Сондықтан оны қалпына келтіру үшін балама бағыттарға көшкен. Атап айтқанда, шикізатты танкерлермен Сирия арқылы тасымалдау қолға алынып, Түркия аумағындағы құбыр желілері іске қосылды. Айта кетейік, Ирак ОПЕК-ке мүше елдер арасында мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында.