АҚШ әскері енді Ормуз бұғазына кіре алмайды
АҚШ әскері енді Ормуз бұғазына, сондай-ақ Парсы және Оман шығанақтарына кіре алмайды. Бұл туралы Иран әскерінің бас қолбасшысы Әмір ХатамИ мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұғаз аймағынан америкалық күштер толық шығарылған және енді өңірдегі әскери ықпалы әлсірей бермек. Ал бұған дейін Вашингтон бұғазға толық бақылау орнатқанын мәлімдеген еді. Тегеран мұны жоққа шығарып, стратегиялық бағыттағы кеме қозғалысы Иранның рұқсатынсыз жүзеге аспайтынын айтып отыр.