Бельгияда 3 мың га жер жанып кетті
Бельгияның Жоғары Фендер табиғи қорығынан шыққан өрт Германияның шекарасына жақындап қалды. Қызыл жалын 3 мың гектар орманды күлге айналдырған.
Ахуалға байланысты Брюссель Еуропалық Одақтан шұғыл көмек сұрады. Қазір Чехия, Нидерланд және Швеция апат аймағына әуе күштерін жіберді. Корольдіктің өзінде ауаның ластану қаупіне байланысты ескерту жарияланды. Бельгияда бұған дейін мұндай алапат орман өрті 2011 жылы болған еді. Ол кезде жалын 1,5 мыңға жуық гектар алқапты тып-типыл еткен болатын.