ХАМАС қаруын тастауға әзір
ХАМАС қаруын тастауға әзір. Бұл туралы қозғалыс жетекшілері мен Президент Трамптың арнайы өкілі Джаред Кушнер кездесуінен кейін белгілі болды.
Axios басылымының дерегі бойынша келіссөз бір жарым сағатқа созылған. АҚШ құр уәдені қанағат етпей, нақты нәтиже көргісі келеді. Өйткені оның одақтасы Израиль ХАМАС-қа сенбейді. Сондықтан Кушнер қозғалыс басшылығынан бейбіт жоспардағы шарттардың орындалуын талап еткен. Яғни, әскери нысандарды босатып, қару-жарақты тапсырып, Газа секторындағы биліктен бас тартуға тиіс. Сол кезде Израильді аймақтан әскерін шығаруға көндірмек. Бүгін Джаред Кушнер Тель-Авивке барып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен кездеседі. Осыған дейін Израиль үкіметінің басшысы "Бейбітшілік кеңесінің" Газа секторына қатысты жоспарын қабылдамай тастаған еді.