Индианадағы дауыл: 7 адам опат болды

АҚШ-тың Индиана штатындағы дауыл мен тасқыннан опат болғандар саны жетіге жетті. Өткен аптада басталған нөсердің салдарынан 125 мыңға жуық үй әлі жарықсыз отыр.

Жүздеген нысанды су басып, жол қозғалысы қиындаған. Президент Дональд Трамптың нұсқауымен аймақта төтенше жағдай жарияланып, бес миллион доллар көмек бөлінді. Қаражат құтқару жұмыстары мен бүлінген ғимараттарды қалпына келтіруге жұмсалмақ. Синоптиктер алдағы күндері тағы жауын жаууы мүмкін екенін ескертеді.