No comment: қайырымдылық шеруі

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мотоцикл мінген жүздеген тұрғын Диснейленд кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, аурухана маңына жиналды.

Олар науқас балаларға ойыншық сыйлап, көңілдерін көтерді. Қайырымдылық шеруі биыл осымен 20-шы рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар: "дертке шалдыққан балалардың риясыз күлкісін көргенде жасап жүрген ісіміздің берекесі бар екенін түсінеміз, - дейді.