Үндістандағы ғибадатханада адамдар бірін-бірі таптап, 7 адам қаза тапты
Үндістанның Бихар штатындағы ғибадатханалардың бірінде адам көп жиналып, кептеліс болған. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңертең Лакхисарай ауданындағы Ашок Дхам ғибадатханасының маңында болған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ғибадатхана маңында электр бағанасының құлауы діндарлар арасында дүрбелең туғызған. Бастапқы ақпаратқа сәйкес, бағана құлағаннан кейін ашық қалған электр сымы адамдардың үстіне құлады деген қауесет тараған. Осыдан кейін адамдар бір-бірін таптап, жаппай қысылыс басталған.
Оқиға кезінде ғибадатханада құлшылық ету үшін көптеген адам жиналған.