БАҚ: АҚШ пен Иран бітімді ұзартады

АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы 60 күндік атысты тоқтату режимін ұзартуға келісті. 

Бұл туралы Al Arabiya агенттігі хабарлады. Екі ел арасындағы бейбіт келісім мерзімі бүгін аяқталады. Бірақ тараптар атысты тоқтату режимін ұзартатыны жайлы әзірге, ресми мәлімдеген жоқ. Бұған дейін Тегеран, Вашингтон арадағы бітімді бұзды деп, келісімнің өзектілігін жоғалтқанын мәлімдеген болатын. Өз кезегінде Дональд Трамп түпкілікті бейбіт бітімге қол қоюға асықпайтынын айтты. Ақ үй басшысы басты мақсат — Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу екенін атап өтті