БҰҰ: Йеменде өлім-жітім көбейді

Йеменде әскери қақтығыс күшейіп, бейбіт тұрғындар арасында құрбандар саны күрт өсті.

Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдіріп отыр. Ұйым өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, 6 тамыздан бері хуситтердің үкімет бақылауындағы аймақтарға шабуылдарынан кемінде 17 бейбіт тұрғын қаза тапса, шілде айының соңында қозғалыс бақылауындағы аумақта тағы екі адам көз жұмған. Ал 11 тамызда Баб-эль-Мандеб бұғазындағы жүк кемесіне жасалған шабуылдан төрт экипаж мүшесі қаза болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы тараптарды бітімге шақырып, шабуылдарды дереу тоқтатуды талап етіп отыр.