Хуситтер Баб-әл-Мандеб маңын басып алды

Йемен Үкіметінің әскері Баб-әл-Мандеб бұғазынан шегінді. Сарбаздар Таиз провинциясының батысы мен Дубаб әуежайы аумағынан Аден қаласына қарай кетті. Бұған себеп Аден қаласы мен оған іргелес провинцияларды қорғау қажет.

Өйткені хуситтер оңтүстік аймақтарға қысымды күшейте бастаған. Ал Қызыл теңіз жағалауы мен Баб-әл-Мандеб бұғазын қыркүйекте басып алған. Бірақ Үкімет күштері де аумақты қайтару үшін шабуылдап жатқан еді. «Енді олардың шегінуі стратегиялық маңызы бар бұғаздағы кеме қозғалысын қиындатуы мүмкін», - дейді сарапшылар.  

Сондай-ақ оқыңыз: