Д. Кушнер: Хамас қаруын тастайды

Палестиналық ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру жұмыстары 30 күн ішінде басталуы мүмкін.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Джаред Кушнер "Фокс Ньюс" ((Fox News)) телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. АҚШ алдағы екі-үш айда жерасты тоннельдерінің бір бөлігін жоюды жоспарлап отыр. Кушнер бұл үшін тараптардың өзара келісімі мен әрекеті қажет екенін атап өтті. Бейбіт жоспардың шарттарына сәйкес, ХАМАС әскери нысандарды босатып, қару-жарағын тапсырып, Газа секторындағы биліктен бас тартуға тиіс. Сол кезде Израильді аймақтан әскерін шығаруға көндіреді. Оның орнына Халықаралық тұрақтандыру күштері орналасады.