Филиппин мектебінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты

Фото: The Nightly

Филиппиндегі орта мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, оның бірі — оқ атушының өзі, деп хабарлайды «24KZ» Reuters-ке сілтеме жасап.

Полицияның алдын ала есебіне сәйкес, оқ атушы мектеп аумағына тапанша мен мылтық әкеліп, сыныптағы оқушыларға оқ жаудырған.

Кейіннен 9-сынып оқушысы, яғни қарулы шабуыл жасаған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Полицияның мәліметінше, жәбірленуші одан бір сынып жоғары оқыған.

Бұл екі айға жуық уақыт ішінде елде қайталанып тұрған екінші жағдай.

Маусым айында ғана тапаншамен қаруланған екі оқушы Филиппин орталығындағы орта мектепте оқ жаудырып, үш оқушы қаза тапқан. Тағы 20 оқушы жарақат алды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз