Колумбияға жер сілкінісінен $10 млрд шығын келді
Колумбияда жойқын жер сілкінісінен 10 миллиард долларға жуық шығын келген.
Алдын ала есепті президент Абелардо де ла Эсприэлья жариялады. Оның айтуынша, ең қиын жағдай елдің батыс бөлігінде қалыптасқан. Шығынның шамамен 8 миллиард доллары тұрғын үйге, қалған 2 миллиарды инфрақұрылымға келген залал. Табиғи апат салдарынан 27 мың үй толық қирап, 127 мыңнан астам ғимарат бүлінген. Соңғы дерек бойынша қаза тапқандардың саны 289 адамға жетті. Тағы 142 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.