Чилиде төтенше жағдай жарияланды

Чилидің солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды. Өткен айда толассыз жауған нөсер соңы тасқын мен лай көшкініне ұласып, 4 адам опат болды. 

Табиғат апатынан көшелерді су шайып, 600-ден астам баспана қираған. Қазір құтқарушылар тұрғындарды қайықпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Чили президенті Хосе Антонио Каст аймаққа құтқарушыларды көптеп жіберуді тапсырды.