Йеменде хуситтерге қарсы күрес күшейді

Йеменде хуситтерге қарсы әскери операциялар күшейді. Кейінгі бір күнде қарулы күштер хуситтердің нысандарына 133 мәрте соққы жасады. 

Ол үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары, артиллерия және реактивті жүйелер қолданылды. Жергілікті басылымдар Эр-Риядта өткен Йемен Президенттік басқару кеңесінің отырысында әскердің жауынгерлік әзірлігін шыңдау, әуе және зымыран соққыларын үдету туралы шешім қабылданғанын жазып жатыр. Жағдайға Біріккен Ұлттар Ұйымы да алаңдаушылық білдірді.