Қытайдың солтүстігінде жер сілкінісі болды
Магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі Қытайдың солтүстігіндегі Цинхай провинциясында болды, деп хабарлайды «24KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 186 мың адам тұратын Дуньхуан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз