БАӘ Иранмен сауда-саттықты уақытша тоқтатты
Біріккен Араб Әмірліктері Иранмен сауда-саттықты, коммерциялық байланыстар мен қаржы операцияларын уақытша тоқтатты.
Бұған дейін елдің қорғаныс министрлігі Иранды әуеден екі баллистикалық зымыран ұшырды деп айыптаған еді. Құзырлы органның мәліметінше, снарядтар теңіздегі кеме қозғалысын нысанаға алған. Оның бірі ел аумағына құласа, екіншісі мемлекеттің аумақтық суларына жақын жерге түскен. Ал Тегеран мәлімдемені негізсіз деп атап, айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығарды.