Әнші Шакира Колумбияда жер сілкінісінен қираған 10 мектепті қайта қалпына келтірмек

фото: instagram.com/shakira

Әлемге әйгілі әнші Шакира жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Колумбияның Чоко департаментіне барды, деп хабарлайды 24KZ Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші өңірге сапары барысында 10 мектепті қалпына келтіруге және қатты зақымданған технологиялық университетке көмек көрсетуге ниетті екенін мәлімдеді.

Мектептерді қалпына келтіру жұмыстарына америкалық филантроп Ховард Баффеттің қоры да атсалысады. Қор Шакираның Fundación Pies Descalzos қайырымдылық ұйымымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл ұйым Чокода 22 жылдан бері білім беру жобаларын жүзеге асырып келеді.

Шакира сондай-ақ жер сілкінісінен айтарлықтай зақымданған Чокодағы технологиялық университетті қалпына келтіруге жеке өзі қолдау көрсететінін айтты.

Айта кетейік, 10 тамызда Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапқан, тағы 426 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жер сілкінісінің ошағы елдегі ең кедей өңірлердің бірі саналатын Чоко департаментінде орналасқан. Мұнда мыңдаған үй қирап, жүздеген білім беру нысаны зақымданған.