Кенияда тікұшақ құлады

Кенияда туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам опат болды. Олардың арасында Эквадор Стратегиялық барлау орталығының басшысы, оның зайыбы және АҚШ-тың бес азаматы бар.

Апат туристер арасында танымал Ололокве тауында болған. Тікұшақ Лойсаба қорығынан Эвасо-Ньиро өзеніне қарай бағыт алған. АҚШ азаматтарының қаза болғанын елдің Мемлекеттік департаменті растады. Бірақ құрбандардың аты-жөнін жариялаған жоқ. Әзірге тек тікұшақ туристер үшін жалға алынғаны белгілі.