No comment: Боливияда қар жауды

Боливияның бес аймағы қалың қар құрсауында қалды. Әсіресе елдің оңтүстігінде бұрқасын соғып, көлік қозғалысы қиындаған.

Құтқарушылар Потоси таулы аймағында тізеден қар кешкен 360-тан астам адамды эвакуациялады. Олардың арасында Италиядан келген 60-қа жуық турист бар.