Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
Колумбияда бір айға экономикалық төтенше жағдай тәртібі жарияланды.
Тиісті жарлыққа президент Абел-Ардо де ла Эсприэлья қол қойды. Тәртіп ең көп зардап шеккен 15 департаментті қамтиды. Өткен аптада елдің батысында магнитудасы 7,4 балдық балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Соңғы дерек бойынша 319 адам опат болып, 5 мыңға жуық адам жарақат алған. Тағы 262 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Енді үкімет Конгресс шешімін күтпей, апат салдарын жоюға қажетті қаражатты жедел бөліп, қалпына келтіру жөнінде шұғыл шешімдер қабылдай алады. Аймақта іздеу-құтқару мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.