Альпі тауларында қар көшкіні жиіледі

Францияда тау көшкіні көбейді.

Биыл Альпіде таудың қозғалуы 450 рет тіркелді. Бұл рекорд. Осыған дейінгі көрсеткіш 300-ден асқан емес. Бұған климаттың өзгерісі себеп, дейді мамандар. Аптап ыстық биыл ұзаққа созылды. Таулы аймақтардың өзінде сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтерілді. Мұның салдарынан мұздар шегінді. Ал бұл тау жынысының сырғуына әкеп соғады. Бұрын жаз кезі Альпіге шығуға ең қолайлы кезең саналатын. Ал қазір керсінше өте қауіпті.