Алтынның бағасы қымбаттады
Алтын бағасы қайта шарықтады. Бағалы металдың нарықтағы бір унциясы 4600 доллардан асты.
Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, өсімге АҚШ Қаржы министрлігінің мемлекеттік облигацияларды кері сатып алу жоспары әсер еткен. Күмістің де бағасы соңғы тәулікте 1 пайызға қымбаттап, унциясы 69 долларға жуықтады. Енді нарық назары АҚШ Федералдық резерв жүйесінде. Мамандар алтынның алдағы бағдары пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімге қарай айқындалатынын айтады. Әзірге инвесторлар қыркүйекте мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деген болжамға басымдық беріп отыр.