АҚШ жылына бір мың ғарыш кемесін ұшыруға ниетті

АҚШ көкке жылына 1 мың ғарыш кемесін аттандыруға ниетті.

Тиісті жарлыққа Президент Дональд Трамп қол қойды. Бұл жоспар 2030 жылға дейін орындалуға тиіс. Сондай-ақ Ақ үй басшысы жаңа ғарыш айлағын салуды тапсырды. Алып нысанның қай аймақта бой көтеретіні 3 айда анықталуы тиіс. Былтыр Құрама Штаттар көкке 180-ге жуық ғарыш кемесін ұшырған еді. Бұдан бөлек бұл салада жеке сектормен әріптестікті күшейтеміз деп отыр. Сондықтан бұдан былай рұқсат беру рәсімдері жеңілдейді. Осылайша Президент Трамп алдағы 3-4 жылда Марсқа жан бітіріп, тіршілік орнатпақ. Сондай-ақ 2028 жылға дейін Айға американдық астрановтарды жіберуді жоспарлап отыр.