Еуроодақ Ормуз дағдарысынан пайда көруді көздейді

Еуроодаққа мүше алты ел мұнай компанияларының дағдарыс кезінде артық пайда тапқанын айтып, арнайы салық салуды ұсынды.

Ортақ үндеуге Германия, Италия, Австрия, Польша, Португалия және Испанияның қаржы министрлері қол қойып, Еуропалық Одақ Кеңесіне жолдаған. Мұны "Франс Пресс" агенттігі хабарлады. Басылымның берген мәліметіне сүйенсек, мәселе қыркүйекте Дублинде өтетін қаржы министрлерінің кездесуінде талқылануы мүмкін. Бастамашыл елдер Таяу Шығыстағы соғыс пен Ормуз бұғазындағы тасымалдың шектелуі мұнай бағасын көтеріп, энергетикалық компаниялардың табысын арттырды деп отыр. Сондықтан дағдарыс кезінде түскен қосымша кірістің бір бөлігі тұтынушыларға қайтарылуы керек. Дегенмен, бұл әзірге осы алты елдің бастамасы ғана. Еуроодақ ресми түсініктеме берген жоқ.