Иран мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін
АҚШ экономикалық қыспақты доғаруы тиіс.
Әйтпесе Парсы шығанағынан мұнай шықпайды. Экспорт тоқтайды. Иран Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің басшысы Мохсен Резаи осылай деп мәлімдеді. Ол мұнымен қоса "Құрама Штаттарды қолдаған ел Тегеранға жау" екенін ескертті. Бүгін АҚШ билігі, ұрыспен ала алмаған Иранға қарсы қандай экономикалық шаралар қолданатынын жариялауы тиіс. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ақ үйдің бұл шешімін өрескел қателік дейді. Оның айтуынша, тек әділ келіссөз ғана нәтиже береді.
Аббас Аракчи, Иранның Сыртқы істер министрі:
- Бұл бізге бұрыннан таныс сценарий. Обама тұсында, Трамп президенттігінің бірінші мерзімі кезінде де түрлі санкциялар енгізілді. Атауы әртүрлі болғанымен мәні бір. Қысқасы, олар бір фильмді қайталап қоя береді. Біз бұл фильмді жақсы білеміз, сондықтан бұған қалай қарсы тұру керек екенін білеміз.