Қазақстандықтардың шетелдегі сайлауға қатысу көрсеткіші 84,4%-ды құрады

Сурет: kenesmadina

Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға шетелдегі қатысу көрсеткіші 84,4%-ға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдегі барлық 79 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын аяқтады.

61 елдегі қазақстандық азаматтардың жалпы дауыс берген саны 9 623 адамды құрады. Бұл 84,4% көрсеткішін қамтамасыз етті, – делінген СІМ ақпаратында.