АҚШ 200 мың визаны қолданыстан шығарады
АҚШ 200 мыңдай шетелдіктің визасын жояды. Ақ үй әкімшілігі жұмыс бабымен және туристік мақсатта барғандардың құжатын қайта қарамақ.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдан бастап берілген B1, B2 нұсқасындағы визалар жарамсыз болып қалуы кәдік. Алайда мұндай жағдайда шетелдіктер бірден депортацияланбайды, уақытша баспанаға өтініш бере алады. Дегенмен іскерлік немесе саяхатшылыққа қатысты статусын жоғалтады. Бұған дейін де 175 мың шетелдік виза жойылған еді. Олардың көбіне қылмыстық іске қатысы бар деген себеп болған.