Уганда Газа секторына 1200 сарбаз жібереді

Уганда Газа секторына 1200 жауынгерін жібереді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ Бурунди өкілдері де Газа секторын қалпына келтіру бағдарламасына қосылуды жоспарлап отыр. Бейбітшілік кеңесінің жоспарына сәйкес, халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамында 20 мың әскери қызметкер болуы тиіс. Угандадан бөлек, Албания, Индонезия, Косово және Марокко да анклавқа әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.