П. Хегсет: АҚШ әскері күш қолдануға дайын
АҚШ Иранға қайта әскери соққы жасауы әбден мүмкін. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет мәлімдеді.
Оның айтуынша, Вашингтон әзірге Тегеранды экономикалық тұрғыдан әлсіретуге басымдық беріп отыр. Алайда қарсылық күшейсе, америкалық әскер күш қолданады. Осы тұста Ормуз бұғазындағы жағдай да күрделене түсті. Иран өту талабын бұзды деген 45 танкерді қара тізімге енгізгенін хабарлады. Бұлардың арасында Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының ірі тасымалдаушыларына тиесілі кемелер де бар. Ел билігі тәртіпке көнбеген теңіз көліктеріне айыппұл салып, жүгін тәркілеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Тізімдегі кемелермен жүк алмасқан өзге танкерлер де кейін шектеуге ілігуі мүмкін.