Қытай шетелде заң бұзған азаматтарына елден шығуға тыйым салмақ

depositphotos.com

Қытайда шетелде жүріп құқықбұзушылық жасаған азаматтардың елден сыртқа шығуына қатысты жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды «24KZ».

Қытайдың Мемлекеттік кеңесі қабылданған жаңа қаулыға сәйкес, шетелде жүріп мемлекеттік қауіпсіздік пен ел мүддесіне қатер төндіретін заңсыз немесе қылмыстық әрекеттер жасаған Қытай азаматтарының елден шығуына уақытша тыйым салынады.

Мұндай азаматтар өз отанына оралғаннан кейін алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге шетелге шығу құқығынан айырылуы мүмкін. Жаңа ережелер биылғы 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: