Сириядағы күрд жасақтары тарады

Сириядағы күрд жасақтары дербес қарулы күш ретінде қызметін тоқтатты. Бұл туралы олардың қолбасшысы Мазлум Абди мәлімдеді.

Орталық үкіметпен келісім бойынша бөлімдер біртұтас ел әскерінің құрамына кезең-кезеңмен қосылады. Сонымен қатар солтүстік-шығыста осы күштер бақылап келген мемлекеттік мекемелер, қауіпсіздік құрылымдары мен стратегиялық нысандар Дамаск билігіне өтеді. Өз кезегінде үкімет күрд халқының мәдени құқықтарын мойындап, мектептерде ана тілін оқытуға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, бұл құрылым бұған дейін ДАИШ-қа қарсы күресте негізгі күштердің бірі болған.

Сондай-ақ оқыңыз: