БҰҰ Израильді айыптады

Израиль Шығыс Иерусалимде Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігіне тиесілі оқу орталығына рейд жүргізді. Ұйым бұл әрекетті заңсыз деп, қатаң айыптады.

Палестиналық босқындарға көмек көрсетумен айналысатын агенттік мәлімдемесіне қарағанда, 50 израильдік сарбаз оқу орнына баса көктеп кіріп, қоқан лоқы көрсеткен. Ғимарат ішінде 20 қызметкер болған. Ал ресми мәліметке сүйенсек, Шығыс Иерусалимдегі бұл оқу орталығы 70 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Онда мыңдаған палестиналық босқын білім алып, қызметке орналасқан. 

Сондай-ақ оқыңыз: