Непалдағы табиғи апаттан қаза тапқан адам саны 165-ке жетті
Непалдағы алапат тасқын кезінде опат болған адам саны 165-ке жетті.
Ал із-түзсіз жоғалғандардын саны 1500-ге жуықтайды. Оның 600-і шетелдік. Атап айтқанда, Үндістан, АҚШ, Ұлыбритания және Малайзияның азаматтары. Непал туристік кеңесі өкілінің айтуынша, 133 үндістандық Тибеттегі Кайлаш тауына зиярат етуге барған. Сондай-ақ 47 туристің американдық екені анықталды. Мамандар тасқынға Гималай тауындағы мұздықтардың еруі себеп болғанын айтады. Қар көшкінінің арты тасқынға ұласып, непал-қытай шекарасына жақын орналасқан Гиронг портын шайып кетті.