Парниктік газ мөлшері рекордтық деңгейге жетті
Ауадағы парниктік газ мөлшері рекордтық деңгейге жетті. Бұл Жердің одан әрі жылынуына әкелуі мүмкін. Өрт, құрғақшылық, су тасқыны секілді табиғи апаттардың жер бетінде жиілеуі де сондықтан.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметіне қарағанда, 2025 жылы атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 53 пайызға өскен. Мамандардың айтуынша, көмір, мұнай мен газды жағу салдарынан бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Эль-Ниньо құбылысы да жағдайды ушықтыруы әбден ықтимал.
Оксана Тарасова, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның ғылыми қызметкері:
- Эль-Ниньо құбылысының әсері күшейеді деп болжап отырмыз. Көмірқышқыл газының мөлшері қаншалықты жылдам өсетінін келесі жылы анық білеміз. Биыл Еуропаны, әсіресе Франция мен Испанияны аптап ыстық пен құрғақшылық жайлады. Мұндай жағдайда өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын аз сіңіреді. Күзгі жауын-шашын да жағдайды әзірге өзгерте қойған жоқ.