Непалдағы тасқыннан қаза тапқандар саны 270-ке жетті
Непал мен Тибет шекарасындағы алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 270-ке жетті. Тағы 1300-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Оқшауланып қалған мыңдаған тұрғынға азық-түлік және аса қажетті заттар тікұшақпен жеткізіліп жатыр. Қазір 10 мың отбасы жедел көмекке мұқтаж. Табиғат апатынан кейін із-түссіз жоғалып кеткендердің арасында шетелдік туристер де бар. Билік олардың арасында Үндістан мен Қытай азаматтары көп екенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша хабарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматшасы бар. Ол туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Қазір оның қайда екені белгісіз. Қазақстандық дипломаттар жергілікті органдармен бірге іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.