Лондон полициясы электрвелосипедке көшті
Лондон көше бұзақыларымен күрес шараларын күшейтті. Құқық қорғау органдарына тоқпен жүретін велосипедтер үлестірілді.
Мотоциклге ұқсайтын қозғалыс құралының қуаты 80 шақырымға дейін жетеді. Электрвелосипед тас жолдарда ғана емес, тар көшелерде де жүруге ыңғайлы, - дейді жергілікті билік өкілдері. Кейінгі жылдары Лондон көшелерінде бұзақылық көбейіп, халықтың алаңдаушылығын тудыра бастаған.