Алжирде орман өртінен 12 адам көз жұмды
Алжирдегі алапат орман өртінен 12 адам қаза тапты.
Тағы 50-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Ел бойынша 154 өрт ошағы тіркелген. Қызыл жалынмен күреске құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен авиация жұмылдырылды. Алапат өрт елде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық пен құрғақшылық кезінде басталды.