Парсы шығанағында 400 кеме қаңтарылып тұр
Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленіскелі Парсы шығанағында кемінде 400 кеме қаңтарылып тұр. БҰҰ жанындағы Халықаралық теңіз ұйымының бас хатшысы Арсенио Домингес кемелерде 6 мың теңізші бар деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, экипаждар әскери қауіп пен белгісіздік жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Қақтығыс басталғалы халықаралық кеме қатынасына кемінде 70 шабуыл жасалған. Осыған байланысты Домингес мемлекеттер мен теңіз тасымалы саласының өкілдерін өңірдегі қауіпсіз кеме қозғалысын қалпына келтіру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.