АҚШ пен Венесуэла мұнай келісіміне келді
АҚШ пен Венесуэла мұнай саласында келісімге келді. Енді Вашингтон Венесуэланың 65 млрд баррельден астам мұнай қорына бақылау орнатады.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Трамп бұл келісім АҚШ-тың мұнай қорын екі есе арттырып, мұнай жеткізілімін ұлғайтады, америкалықтар үшін бензин бағасын төмендетеді деп санайды. Келіссөзге қатысқан АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келісімді екі ел халқы үшін «үлкен жеңіс» деп атады және бұл құжаттың америкалық салық төлеушілерге шығын келтірмейтінін атап өтті.